Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында қолды болған қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында қолды болған қару-жарақ табылды

01.06.2022

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел әрекет ету барысында күдіктілерден бірнеше «Макаров» тапаншасы, «Калашников» автоматы мен оқ-дәрілер табылды. Қару-жарақтың бүлік кезінде қалалық Полиция басқармасының қоймасынан ұрланғаны белгілі болды. Ұсталған 3 тұрғын Алматы қаласы маңындағы қару жасырылған орынды өздері көрсетіп берді. Айтуларынша, олар Талдықорған қаласында бірнеше жерге және Сарқан ауданы аумағына да ұрланған қаруларды жасырған.

 Ернар Сайділдин, Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі:

Аталған күдіктілердің облыс аумағында ірі ұрлыққа қатысы бар екені анықталып отыр. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК 188-бабы, 4-бөлігі және 287-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу