Қазақстанның мен ЕҚЫҰ ынтымағына 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мен ЕҚЫҰ ынтымағына 30 жыл

01.06.2022

Биыл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болғанына 30 жыл. Қазір ұйым төрағасы Польша елі. Тараптардың қатысуымен өткен жиында Қазақстанның халықаралық ұйымдағы рөлі сөз болды. Мемлекетіміз қауіпсіздіктің үш бағытында, атап айтқанда, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық мәселелерге белсенді араласып, осы жылдар ішінде ұйыммен байланыс нығайып келеді. Сонымен қатар қазақ пен поляк арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен мемлекеттік бас¬қару жүйесінің тиімділігін арттыру жайы талқыланды.

Збигнев Рау, Польшаның сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ төрағасы:

Біз қазақстандық тараппен Польшадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибесін талқыладық. Біздің мемлекетімізде оның жұмысы жоғары бағаланып тұр. Бізге екі апта бұрын ғана қазақстандық мамандар келіп кеткен. Меніңше, жергілікті өзін-өзі басқарудағы тетіктер Польшада сәтті жүзеге асып жатса, Қазақстанда да оның жұмыс істеп кететініне сенім мол.

Сондай-ақ, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та ұйым төрағасымен кездесті. Қос тарап Қазақстан-Польша екіжақты қатынастарды, соның ішінде екі ел парламенттерінің әріптестігін талқылады. Шетелдік мейман ұйымға жаңа сайланған төраға ретінде өңірмен танысу мақсатында Қазақстанға келгенін айтты.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу