Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты. Ауыл 60 күнге карантинге жабылып, мал сатуға тыйым салынды.
Оқиға 1 ай бұрын Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай елдімекенінде болған. Кешкісін ауылға кірген қасқыр 4 тұрғын мен бірнеше итті жарақаттап кеткен. Олардың бірі - 4 жастағы қыз бала.
Бәрі де құтыруға қарсы екпе алып, ем-домын жалғастырып жатыр. Қасқырды атып, ұстауға көмектескен тағы 8 адам екпеге жіберілді. Сондай-ақ енді ауылдағы барлық мал, ит-мысық егіліп, аулалар зарарсыздандырылады.
Ардақ Мұратқызы