Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылында әуежай жаңғыртылып жатыр. Ондағы ұшып-қону жолақтарының ұзындығы 2 шақырымға дейін ұзартылған. «Енді үлкен ұшақтырды да қабылдауға болады»-дейді мамандар. Бір мезетте екі әуе кемесіне дейін ұшып-қонып, нысан тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Әуежай 15 маусымнан бастап алғашқы рейстерді қабылдайды. «Сол арқылы мамандар биыл Алакөлге келетін туристерге қатынау жеңілдейді» -деп отыр. Нысанды жаңғыртуға 8 миллиард теңге бөлінген.
Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:
Биылдан «Bombardier» деген самолеттер бар, бір келгенде 90-100 адамға дейін келетін. «SRG-200» деген самолеттар бар, ультрозвуковой дейді ғой. Реактивный самолеттар қабылдауға жұмыс жасап жатырмыз. Олар бізге өздерінің келісімдерін берді. Бұл дегеніміз коммерциялық рейстар болады биылғы жылдан бастап.
Ержан Жақып