Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, соңғы 24 сағатта ел әскері Северодонецкіде біраз табысқа жетті. Айтуынша, Ресей армиясы артиллерияның күшімен индустриалдық қаланың көп бөлігін басып алған.
Украина армиясы оларға қарсы күресті тоқтатқан жоқ. Ресей күштері елдің 20 процентін басып алған.
АҚШ-тың соғысты зерттеу институты да Северодонецкіде ресей армиясы ауыр шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеп отыр.
Жалпы, Донбастағы жағдай әлі де күрделі. Зеленский АҚШ президенті Джо Байденге зымыран жіберуге уәде еткені үшін алғыс айтып, басқа да серіктестерінен қару күтетінін мәлімдеді.