Таразда балаларға арналған 120 орындық оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда балаларға арналған 120 орындық оңалту орталығы ашылды

03.06.2022

Таразда 120 орынға арналған оңалту орталығы ашылды.

Осы уақытқа дейін сауықтыру-шипажайы болып келген мекеме толығымен қайта жасақталып, жаңғыртудан өткен. Енді мұнда қозғалысы қиын, жүйке-жүйесінде шағымы бар және көру қабілеті төмен балалар жолдама арқылы тегін ем қабылдай алады.

Орталықта 150 қала тұрғыны жұмыспен қамтылды. Оның ішінде білім беретін арнайы ұстаздар да бар.

Жалпы өңірде балалар жылы қарсаңында екі оңалту орталығын ашу жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу