ҰҚК Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркіледі

03.06.2022

Биыл сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымда жүрген, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды табу бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Соның нәтижесінде барлығы 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақтар Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарынан табылған. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу