Елде екі банк жеңілдетілген автонесие беруді уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде екі банк жеңілдетілген автонесие беруді уақытша тоқтатты

03.06.2022

Елде екі банк жеңілдетілген автонесие беруді уақытша тоқтатты. Еуразиялық банк пен Халық банк бөлінген қаржының бір бөлігін несие беруге жұмсап үлгерген. Енді Еуразиялық банкке тағы 20 млрд теңге беріледі. Ал азаматтардың өтінішін нақты мақұлдаған «Халық банкіне» 7,5 млрд теңге қосымша қаржы беру қарастырылып жатыр. Демек, тек қаражат бөлінгеннен кейін ғана өтініш қабылдауды қайта бастайды. Ал қазір қалған банктер көлік алу үшін несие беруді жалғастырады. Бағдарлама басталғалы 71 млрд теңгеге 10 мыңға жуық азаматтың өтініші мақұлданған. Ең көп өтінішті әзірге Центр кредит банкі қабылдап, несие беруге келісім берген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу