Мәжіліс депутаттары «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнының қызметкерлерімен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнының қызметкерлерімен жүздесті

03.06.2022

Ата заңға енгізілетін өзгерістерді тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы жалғасуда. Мәжіліс депутаттары «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнында болып, зауыт қызметкерлерімен жүздесті. Конституцияның жаңа редакциясында президенттің саяси партия құрамында болмауы көзделген. Сондай-ақ, мемлекет басшысының жақын туыстары жоғары саяси лауазымдарда, квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте бола алмайды. Конституциялық сот пайда болады. Оған азаматтар да жүгіне алады. Кездесу барысында өзге де өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Жеңіс Тұранов, кәсіпорын жұмысшысы:

Депутаттарды жеке-жеке сайлағанды мен соған тілегімді білдіргім келеді. Солай болған дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіз? Оны өзіміз сайлап алсақ, мысалы, ұнамай қалса, істей алмаса, жұмысын онда басқасын ауыстыруға болады. Осы «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнында 600-700 адам жұмыс істейді. Солар бәрі қатысамыз деп отыр.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу