Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі

04.06.2022

Президент Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.

– Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз, – деді Президент.

Хабарламаларға жазылу