Референдумға қатысты үгіт жүргізуге рұқсат жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға қатысты үгіт жүргізуге рұқсат жоқ

04.06.2022

Бүгін – тыныштық күні. Ал ертең көптен күткен саяси шара республикалық референдум өтеді. Бүгін және ертең референдумға қатысты үгіт жүргізуге тыйым салынады. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде насихат жасауға болмайды. Яғни, референдумға шығарылған сұраққа «келісемін» немесе «қарсымын» деп дауыс беруге түрткі болатын материалдар үгіт ретінде қарастырылады. Талапты бұзған кез-келген тұлға немесе әлеуметтік желі пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Хабарламаларға жазылу