Референдум: Бюллетень толтыру тәртібі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Бюллетень толтыру тәртібі

05.06.2022

Референдум бюллетенінде екі тілде «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сұрақ болады. Өзіңіз жақтап дауыс беретін «Ия, қабылдаймын», немесе «Жоқ, қабылдамаймын» деген жауап нұсқаларының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоясыз. Учаскелiк референдум комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған, жауап нұсқаларының бiрде-бiреуi белгіленбеген, дауыс бергендердiң еркiн бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу