Қарағанды облысында барлық 9 қала мен 9 ауданда референдум учаскелері жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында барлық 9 қала мен 9 ауданда референдум учаскелері жұмысын бастады

05.06.2022

Қарағанды облысында барлық 9 қала мен 9 ауданда референдум учаскелері есігін айқара ашты. Барлығы өңірде 700-ден астам учаске бар. Қазір тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен тікелей байланысқа шығады. 

Руслан Нұрланұлы, тілші:
Еліміздегі ең үлкен облыста тап қазір 777 учаске жұмысын бастады. Дайындық өте жоғары деңгейде. Жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі. Өңір бойынша 900 мыңдай адам дауыс бере алады. Учаскелердің 179-ы облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан. Біз қазір Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның №169 учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2044 адам тіркелген. Ең алғашқы болып учаскеге екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері ғасыр жасаған Бүркіт Есжанов ақсақал келді. 
Облыс бойынша референдум учаскелері тас-түйін дайындалған. Оларда 5 мыңдай комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Дауыс беруге қатысуға он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматтарының барлығының құқығы бар.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу