Саяси науқанға Абай елінің тұрғындары да белсенді қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси науқанға Абай елінің тұрғындары да белсенді қатысып жатыр

05.06.2022

Саяси науқанға Абай елінің тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Таң ата ашылған референдум учаскелерінде дауыс берушілер көп.

Ержан Жақып, тілші:

Референдуға Семей жұртшылығының қатысу белсенділігі жақсы. Біз таң ата бірнеше жерде болдық. Халық белсенді дауыс беріп жатыр. Жалпы қала мен оның маңындағы ауылдарда 149 референдум учаскелері бар. Түгелі бір мезетте, яғни таңғы 7 ден жұмысқа кірісті. Семей мен оған қарасты ауылдарда 228 372 дауыс беруші бар. Бүгін келіп жатқандардың арасынан әсіресе жастарды көп көруге болады.

Еркебұлан Тұрсын, қалалық мәслихат депутаты:

Жалпы Семей жастары ерекше белсенді. Көңіл-күйлері көтеріңкі деп айтуға болады. Өйткені Президенттің Абай облысын құру туралы жарлығы міне санаулы күндерден кейін күшіне енбек. Менің достарыммен, құрдастарыммен жүздескенде бәрінің айтатындығы, болашақ Абай облысының дамуына қызмет еткілері келеді. Құлшыныстары жоғары. Өзге қалларда жүрген достарым көшіп келіп, жаңа облыстың дамуына қызмет еткісі келеді. Сондықтан бүгінгі референдумға да олар белсенділікпен қатысып жатыр.

Семейде саяси науқанға орай әр жерде концерттер ұйымдастырылып жатыр. Учаскелерге ең алғаш болып келгендерге сыйлықтар таратылды. Фото, сурет көрмелері де қойылған. Референдум барысы жайлы алда тағы да тікелей эфирде баяндайтын боламыз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу