Ресейдегі отандастарымыз да дауыс беріп жатыр. Мәскеуде бір сағат бұрын нөмірі 265 ші референдум учаскесі ашылды. Елшіліктің ғимаратында орналасқан учаскеде үш дауыс беру кабинасы орнатылған. Сонымен бірге тасымалданатын жәшік те дайын, бірақ үйде дауыс беруге ешкімнен өтініш түскен жоқ. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00 ге дейін жалғасады. Мәскеуден бөлек, қазақстандықтар Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы бас консулдықтарда ашылған учаскелерде дауыс бере алады.
Садық- Мұңсыз Әбдіхалыққызы, мұғалім:
Мен өз елімнің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілгеніне сеніммен қараймын. Конституциямыздың 30 дан астам бабына өзгретулер мен толықтырулар енгізілуіне өз үлесімді қосқым келеді, үмітпен қараймын болашағыма.
Индира Бегайдар