Қызылордада Қазақстанның еңбек ері дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Қазақстанның еңбек ері дауыс берді

05.06.2022

Қызылорда облысында референдумға қатысушылар саны уақыт өткен сайын арта түсуде. Қазір аймақ тұрғындарының 30 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді.  Көппен бірге Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев те дауыс берді. Сыр күрішін алыс-жақын шетелге экспорттап, ауыл-аймақтың әлеуетін көтеріп отырған іскер азамат қаладағы №188 дауыс беру учаскесіне ұлымен бірге келді. Еңбекпен ер атанған тұлға өз таңдауын жасады.

Абзал Ералиев, Қазақстанның еңбек ері:

Еліміздің амандығын тілеймін, әрқашан аспанымыз ашық болсын, заманымыз тыныш болсын, еліміз аман болсын, бейбітшілік болса барлығы болады деп ойлаймын. Еліміз алға баса берсін.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу