Қарағанды облысындағы 777 референдум учаскелерінде жұмыс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы 777 референдум учаскелерінде жұмыс жалғасып жатыр

05.06.2022

Еліміздің барлық аймақтарындағы референдум учаскелерінде жұмыс қыза түсті.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Өңірдегі 777 референдум учаскелерінде жұмыс жалғасып жатыр. Міне біз кеншілер мәдениет сарайында орналасқан №17 учаскеде тұрмыз.

Серік Санаубаев, «Қарағанды облысының кәсіпкерлер одағы» ҚБ төрағасы, қоғам белсендісі:

Халыққа тең мүмкіндік беріліп отыр. Қазақстан халқы бүгін өз таңдауын жасап, конституцияға өзгеріс керек пе жоқ па өз шешімін жасайды. Биліктің халыққа бетұрысы, елмен санасуы бұл енді демократиялық қоғамның көрнісі.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Жалпы өңірдегі референдум учаскелерінің барлығында материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көңіл бөлінген. Тұрғындар өздерін қатысушылардың тізімінде sailau09.kz және e-krg.kz онлайн-сайттарында тексере алады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу