Шымкент тұрғындарының жартысынан астамы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент тұрғындарының жартысынан астамы дауыс берді

05.06.2022

Еліміздегі әрбір саяси өзгерістерге зор сеніммен қарайтын шымкенттік ардагерлер де көппен бірге өз таңдауын жасауда. Олар отбасының ынытамағы мен ауызбірішілігін танытып, референдумға әулетімен немере, шөберелерін де ертіп келіп бірге дауыс беруде.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Бүгінгі референдумға Жансейітовтер отбасының төрт буынының өкілдері бірге келіп дауыс берді. Әжесі, баласы, немересі мен шөбересі ұрпақ сабақтастығының желісін үзбей еліміздің әрі қарайғы дамуына бағытталған саяси науқанда өз таңдауын жасады.

Жасы 90-ға таяған Дариға Жансейітова тыл еңбеккері. Онан кейін 40 жылдан астам уақыт мектепте ұстаздық етті. Санасы сергек ардагер ел болшағына қатысты шешім қабылданатын мұндай сәтте дауыс беруге қатысу әрбір азаматтың парызы деп біледі.

Дариға Жансейітова, тыл ардагері:

Бүгінгі референдум елдігімізді айқындайтын, болашағымызды білдіретін үлкен маңызды шара. Осы сайлауға бір кісідей қатысудың өзі бірлігімізді, елдігімізді көрсетеді. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін. Келешгіміздің кемел болатынына нық сенемін.

Саяси науқан кезіндегі белсенділік–халықтың қоғамдық құрылымға деген сенімінің белгісі. Мұны шымкенттік сайлаушылардың дәл қазіргі ынта-ықыласынан анық аңғаруға болады. Жұрттың көңіл күйі көтеріңкі. Учаскелерде концерттік бағдарламамалар ұйымдастырылған.

Қоғамдық көліктер референдумға байланысты бүгін жұртты тегін тасымалдауда. Көпшілік осы жеңілдіктің арқасында діттеген жеріне ақысыз барып келіп-кетіп жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу