Мәскеудегі нөмірі 265 учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-дегі ақпаратқа сәйкес 310 адам дауыс берген. Бұл учаскеде тіркелген азаматтардың 17 пайызы. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Учаскедегі байқаушылар ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін айтады.
Александра Перминова, халықаралық байқаушы:
Азаматтардың жоғары белсенділігін атап өткім келеді. Учаске ашылған кезден бастап бақылап отырмыз, көтеріңкі көңіл күймен өтіп жатыр. Референдум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, барлық талаптар сақталған.