Еліміздің саяси тұрғыда жаңаруына жол ашқалы отырған референдумға Шымкент тұрғындарының 70 пайызы қатысып үлгерді.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Бір миллионнан астам халқы бар мегаполистің тұрғындары қай кезде де елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге самарқау қараған емес. Бүгінгі саяси шарада әсіресе жастардың да белсенділігі жоғары.
Қатарластарымен учаскесіне келген Темірхан Әбжан бүгін алғаш рет өз таңдауын жасады. Болашақ құқық танушы маман бұл жолғы таңдау халықтың билікті жүзеге асырудың төте жолы деп біледі. Темірхан, бүгінгі референдум ел болашағы үшін қаншалықты маңызға ие деп ойлайсың?
Темірхан Әбжан, студент:
Кәмелет жасқа толып, еліміз үшін алғаш рет маңызды шешім қабылдауға үлес қосайын деп жатқаным үшін қуаныштымын. Бүгінгі референдум арқылы біз енді билік пен халық арасындағы сенімді жоғарылата аламыз деп ойлаймын. Менімше жаңа Қазақстанды құру жолындағы ең оңтайлы, дұрыс, тиімді шешімдер халықтың келісімімен қабылданайын деп тұр.
Рақмет, шаһарда жасақталған 316 референдум учаскесінде таңертеңнен басталған қарбалас шақ бір сәтке де саябырсыған жоқ. Дауыс берушілер мемлекеттің бола¬шақ тағдырына тікелей әсер ететін жауапты шешім қабылдауға ынталы.
Халық санының артуына байланысты биыл соңғы рет өткізілген сайлаудағы дауыс берушілерден 14 мың адамға артып отыр. Яғни 631 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие.