Әр өңірде exit-poll өкілдері қызу жұмыс істеп жатыр. Олар дауыс беруші тұрғындар арасында анонимді сауалнама жүргізіп, көптің қандай таңдау жасағанына талдау жасайды. Осы арқылы референдум заңдылықтарының сақталуы мен қатысушылардың белсенділігін анықтайды.
Exit-poll азаматтарға сауал қойды:
Оралда саяси науқанда алғаш рет экзитпол тобы жұмыс істеп жатыр. Олар дауыс беріп шыққан адамдардан сауалнама алып, пікірін біледі. Тұрғындар да белсенді. Отбасымен келіп дауыс беріп жатқандар көп.
Дина Дәулетова, Exit-poll мүшесі:
Сіз иә дедіңіз бе, әлде жоқ деп дауыс бердіңіз бе?" деп сұрақ қоямыз. Көбі ашық, еркін, жақсы жауап беріп жатыр. Иә деп те, жоқ деп те айтады. Бас тартып, бейтарап қалған азаматтар да бар. Жалпы учаскеге келушілер көп, белсенділік жақсы. Ал біздің деректер құпия сақталады. Дауыс беру аяқталған соң, мәліметтерді Алматыға жібереміз.
Қостанай облысында 14 дауыс беру учаскесінде «Экзит-пул» зерттеуі жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнаманы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы қолға алған. Референдумға қатысу құқына ие азаматтардың саны 550 мыңнан асады.
Аида Сейілханова, «Демократия институты» қауымдастығының өкілі:
Сауалнамаға ерікті түрде қатысады. Егер адам бас тартса, бізге уақыт бөлгеніне алғысымызды білдіріп, өз жұмысымызды жалғастыра береміз. Экзит-пулға қатысушылардың жас шамасына шектеу жоқ. Біз бір ғана сұрақ қоямыз, жақтап не қарсы дауыс берді ме, соны сұраймыз.
Қызылорда облысында Exit pool–дың 12 интервьюрері жұмыс істеп жатыр. Олардың 5-еуі қалада, қалғаны ауыл-аймақтағы елді мекендерде жүр.
Насихат Смайл, Демократия институты ғылыми-зерттеу ассоциациясының Exit pool жұмысы бойынша өкілі:
Тәжірибемізде бірінші жұмысымыз емес атқарып жатқан. Бүкіл сайлау түрінде жұмыс жасаймыз осындай. Енді бұның негізгі мақсаты сайлауалды нәтиже шығару, болжамды түрде нәтиже шығару.
Exit poll-дың жұмысы Петропавлда да қарқынды. Олардың байқауынша Солтүстік халқы референдумға белсенді қатысып жатыр. Өңірде дауыс беру құқығына ие 400 мыңға жуық азамат бар. 648 референдум учаскесі тіркелген. Саяси науқан ашық әрі әділ өтуі үшін 1500-ге жуық қоғам өкілі жұмыс істеуде.
Зарина Баймағамбетова, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілі:
Біз сауалнамаға қатысушыларға бір ғана сауал қоямыз. Жауабы құпия сақталады. Жұмысымыздың қорытындысын түнгі 12-ден кейін жариялаймыз. Қойылған сұраққа жауап беруге бас тарып жатқандар жоқ. Бәрі белсенді.
Сауалнама тұрғындардың келісуімен өтеді. Ерікті түрде. Қатысушылардың жас шамасына шектеу жоқ. Бір ғана сұрақ қойылады. Жақтап не қарсы дауыс берді ме, сол сұралады.
Нысаналы Ығыл