Дауыс беру тоқтады. Қазір референдум комиссиялары санаққа кіріскен.
Ақмола облысында 718 учаске жұмыс істеді. 507 мыңнан астам ақмолалықтың референдумға қатысуға мүмкіндігі болды. Байқаушылар тарапынан сын-ескертпелер болған жоқ. Өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеді. Облыс бойынша тұрғындар референдумге белсенді қатысты. Учаскелерде көтеріңкі мерекелік көңіл күй сезілді, - дейді комиссия мүшелері.
Сандуғаш Нұрқанова, Көкшетау қаласы 8 референдум учаскесінің төрайымы:Референдум уақыты аяқталды. Дауыс беру тоқтатылды. Біздің 8-інші референдум учаскесінде 1400-ден астам адам тіркелген. Көбі өз таңдауын жасады. Біз қазір санап жатырмыз. Соңғы ақпаратты аумақтық комиссияға жолдаймыз.
Ермек Елберген