«Демократия институты» ғылыми- зерттеу қауымдастығының өкілдері Павлодар облысы Ақсу қаласында референдумға дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Шағын шаһар аумағында 40 учаске жұмыс істеді. Лилия Байбатина таңғы 7-ден кешкі 7-ге дейін №478-ші сайлау учаскесінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін білді. Мәлімет құпия сақталады. Негізгі жұмыс - дауыс беру нәтижесіне болжам жасау. Оны дауыс беру аяқталғаннан кейін 4 сағаттан соң, яғни, түнгі 12:00-ден кейін ғана барып жария етуге болады.
Болат Аманбаев