Референдум-2022: Әлеуметтанушылар болжамы дәл келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум-2022: Әлеуметтанушылар болжамы дәл келді

06.06.2022

Референдумға қатысқан адам саны әлеуметтанушылар болжаған көрсеткіштен асып түсті. Алдын ала жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге қарап, көрсеткіш 66 пайыздан асады деп болжанған. Алайда кеше түнгі сағат 10:00-ге дейін халықтың 70 пайызға жуығы таңдау жасады. Нәтиже біздің күткенімізден де асып түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жазды.

«Біздің қоғам Президентке және оның Қазақстанды өзгерту жолындағы бастамаларына сенеді. Өткен 30 жылдың тәжірибесіне талдау жасап, бұған дейінгі қателіктерді қайталамай, елді дамытудың реалистік және биік мақсаттарын белгілей отырып алға жылжитын уақыт» деді. Дауыс беру кезіндегі халықтың береке-бірлігін Қазақстандық қоғамдық даму институтындағы стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова да атап өтті. «Әлеуметтанушылардың болжамы дәл келді. Қоғам пікірі позитівті. Өңірлердегі жағдай да жақсы. Халық өзінің бірлігін, Президент бағдарламаларына және жақсы өмірге деген сенімін көрсетті. Бұл тек басы ғана. Алда Қазақстан қоғамының саяси, әлеуметтік және рухани өмірінің барлық бағытын ауқымды жұмыстар күтіп тұр».

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу