Республикалық референдумға дайындық пен дауыс беру тыныш жағдайда өтті. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді. Дегенмен, науқан кезінде азаматтардан небәрі 6 өтініш түскен. Оның біреуі - Бас прокуратураға, төртеуі Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан, тағы біреуі Ақтөбе облыстық прокуратурасының қарауына жіберілді. Бас прокуратураның өкілі Азамат Серғазиннің айтуынша, құқық бұзу фактілері тіркелмеген. Әлеуметтік желілерде учаскелерде дауыс беру туралы әртүрлі хабарламалар тараған, Бірақ, тексеру кезінде олардың көбі расталған жоқ.