Жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысқан өңірлердің бірі - Қарағанды облысы. Өңір бойынша тіркелген 880 мың азаматтың басым бөлігі саяси науқанға өз үлесін қосқан. Қазір сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы алдын-ала қорытынды нәтижелерін айтып береді.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Референдум күні облыста барлығы 777 учаске жұмыс істеді. Оның 179-ы Қарағандыда. Өңір бойынша тіркелген 880 мың адамның 682 мыңдайы референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған. Олардың шамамен 77 пайыздан астамы Конституциялық өзгерістерді қолдайтынын білдірген. Облыстағы 9 қала мен 9 ауданның қатарында әсіресе Шет ауданының тұрғындары саяси науқанда ерекше белсенділік танытып 87 пайыздан жоғары нәтиже көрсетті. Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының да көрсеткіштері жоғары.
Руслан Нұрланұлы