Мәскеуде 1025 адам дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 1025 адам дауыс берді

06.06.2022

Мәскеуде №265 учаскесінде 1025 адам дауыс беріп, оның 975-і «иә» деп жауап берген. Яғни 95 пайызы Ата заңға өзгерістерді қолдаған. 4,4 проценті қарсы болса, дауыс бергендердің 0,6 пайызы бюллетеньдерді бүлдіріп алған. Мәскеуден бөлек, Ресейдің Астрахань, Омбы, Қазан, Санкт-Петербург қалаларында да референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс берді. Қазан мен Санкт-Петербургтегі учаскелерде отандастарымыздың 100 пайызы референдумға қатысқан.

Дарья Чижова, сарапшы:

Конституцияға өзгерістер бәсекелестікті арттырады. Жалпы бұл әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін маңызды. Ресейде Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуға жоғары ынтасын көрдік, барлық заңдылықтар сақталды. Енді нәтижесін күтеміз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу