Қостанайда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты

07.06.2022

Қостанайда түн ішінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Денесін бірінші дәрежелі күйік шалған тағы төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Жалпы ауданы 250 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

Абай және Лермонтов көшесінің қиылысындағы бұл ғимаратта бірнеше отбасы пәтер жалдап тұрыпты. Оқыс жағдай түнде болғандықтан көп адам қалың ұйқыда жатқан. Оларды полиция оятып сыртқа шығуға көмектескен.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу