Шығыста екі мыңдай адамды кене шаққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста екі мыңдай адамды кене шаққан

07.06.2022

Өскеменде бір адам кене энцефалитіне шалдыққаны анықталды. Ол кене шаққан соң медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлер науқастың халі жақсарып қалғанын айтады. Шығыста көктем басталғалы 2 мыңдай адамды кене шаққан. Оның 30 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Эндемиялық яғни кене шағу қаупі жоғары аудандарда жыл сайын ерте көктемнен бастап зиянкестерді улау жұмысы жүргізіледі.Негізі бұл жұмыс жылына екі рет атқарылады. Биыл аймақат қыс жайлы болды. Қар аз түсіп көктем ерте шықты. Кененің жылдам тірілуіне бұл да әсер еткен. Дегенмен мамандардың айтуныша өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны әлдеқайда аз. Ең бастысы кене шаққан соң дер кезінде дәрігердердің көмегіне жүгінген 2 мыңнан аса адамның барлығына да кене энцефалитіне қарсы вакцина егілген.

Бұл елді мекенде екпе жеткілікті және кене шаққан адамға міндетті түрде салынады. Сондай-ақ орманшылар мен қорық қызметкерлері егіледі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары вакцина қоры жеткілікті деп отыр.

Жалпы шығыста бірнеше аудан мен Риддер, Өскемен қалалары кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады.


Хабарламаларға жазылу