Солтүстік Қазақстанда жылқылар белгісіз дертке шалдығуда.
Кеше ауырған жылқылардан сараптама алынған. Бірақ нәтижесі әзірге белгісіз. Жылқышылардың айтуынша, ауырған мал көп. "Олардың қызуы көтеріліп, жөтеле береді", дейді. Кейін әлсіреп, мүлде жүре алмай қалатындары бар екен.
Кешеден бері ветеринарлар малды антибиотикпен емдеуге кірісті. Жылқы иелері жақсы нәтиже болатынына үмітті.