Қарағанды облысында далада үш күн бойы адасқан екі ер адам аман-есен табылды.
Приозерск қаласының екі тұрғыны 3 маусымда автокөлікпен Қаражал қаласына қарай жолға шыққан. Жолда көлігі бұзылып, кейін қайтады. Алайда жер бағдарын білмегендіктен адасып кеткен. Ал телефон байланыстан тыс жерде болған. Өздерімен алған су таусылып, бірінің жағдайы нашарлаған соң, ол қараусыз ескі ғимаратта қалады. Ал екіншісі ары қарай жолын жалғастырды. 6 маусымда жолда қалған адам телефонды қысқа уақытқа қосып, құтқарушыларға қоңырау шалып үлгереді. Ұзақ іздеуден кейін, олар Приозерск қаласынан 120 шақырым жерден табады