Өскеменде бір адам кене энцефалитіне шалдыққаны анықталды. Ол кене шаққан соң медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлер науқастың халі жақсарып қалғанын айтады. Шығыста көктем басталғалы 2 мыңдай адамды кене шаққан. Оның 30 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Дегенмен мамандардың айтуынша өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны әлдеқайда аз. Жылына екі рет кене шағу қаупі жоғары аудандарда зиянкестерді улау жұмысы жүргізіледі. Ал кене шаққан адамға міндетті түрде екпе салынады. Сондай ақ орманшылар мен қорық қызметкерлері егіледі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары вакцина қоры жеткілікті деп отыр. Жалпы шығыста бірнеше аудан мен Риддер, Өскемен қалалары кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады.