Бүгін, Көкше жерінде қос мереке аталып өтуде. Ата Заңымызды ардақтаған бұл күнге Көкшетау қаласының 190 жылдығы тұспа-тұс келді. Сондықтан, көкшеліктер мұндай үлкен қуанышты барынша сән-салтанатпен, есте қаларлықтай тойлау үстінде.
Орталық алаңға келген көпшілік Ақмола облысындағы үздік өнімдердің көрмесін тамашалады. Ал, орталық саябақта қолөнер шеберлері өз туындыларын жиналғандарға паш етті.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ