Еуропа одағы құрылғыларға енді жалғыз USB қуаттағыш қолданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы құрылғыларға енді жалғыз USB қуаттағыш қолданады

08.06.2022

Еуропа одағында енді телефондар, камералар, планшеттер бір ғана USB-С портымен зарядталады.

Аймақ елдері бұл шешімді өткен тәулікте қабылдады. Мұндай тәжірибе әлемде алғаш рет жүзеге асырылайын деп отыр. Еуропа комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, бірегей қуаттағыш миллиондаған адамның өмірін жеңілдетіп, қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Еуропа одағы он жылдан астам уақыттан бері ортақ мобильдік зарядтаушы енгізуге әрекет жасап келеді. Бұл мәселенің күн тәртібіне шығуына тұрғындардың байланыс құрылғылары үшін әртүрлі қуаттаушы қолданып жүргеніне көп шағымдануы себеп.

Тағы бір айта кететін жайт, Apple компаниясы да 2024 жылға дейін Еуропа нарығына өнімдерін өткізу үшін телефондары мен басқа гаджеттерінің USB-ге жалғанатын жерін еуропалық стандарқа сәйкестендіруі тиіс болады.


Хабарламаларға жазылу