Қостанай облысында 400-ден астам тауық қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 400-ден астам тауық қырылып қалды

08.06.2022

Қостанай облысының Қарабалық, Денисов, Федоров аудандарында тауық қырылып жатыр.

Жергілікті ветеринарлар дәрі-дәрмек бергенмен, оның пайдасы болмай тұр. Мамандар өлексені де жинамаған, оны тұрғындар өздері өртеуге мәжбүр. Бір тауықтың құны – бір жарым мың теңге шамасында. Ауыл тұрғындары оның етімен қоса жұмыртқасын сатып азын-аулақ табыс табады. Сондықтан бұл - құс иелері үшін қып-қызыл шығын. Облыстағы ветеринария басқармасы өлген құстардан сынама алынғанын, алайда зертханалық тексеріс нәтижесінде ешқандай жұқпалы індет анықталмағанын айтады.

Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің болжамымыз бойынша бұл жерде ешқандай індет жоқ. Бұл жылда үй құстары арасында тіркелетін өлім-жітім саны. Олар күнделікті берілетін азқытан улануы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу