Ыстамбұл қаласында Қазақстанның қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының араб графикасындағы кітаптар жинағы таныстырылды.
Шағатай, парсы, араб тілдеріндегі көне қолжазбаларды біріктірген бұл құнды еңбекте өткен ғасырлардағы ғылыми жазбалар, ислам құқығы туралы зерттеулер мен өлеңдер жинақталған. Алғаш рет жарыққа шығып тұрған кітапты қазақстандық және ИРСИКА яғни, Ислам тарихы, мәдениеті мен өнерін зерттеу орталығы ғалымдары бірлесе дайындаған. Ғылыми еңбек көне шығармаларды жинақтап қана қоймай, еліміздің тарихын зерттеуге де ықпал етері сөзсіз дейді мамандар. Бұдан бөлек құнды шығарма осы салада ізденіп жүрген студенттер мен жас ғалымдар үшін де көрнекі құрал болмақ.
Жандос Болдықов, Қазақстанның қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:
Бұл каталогқа енген кітаптар араб тілінде жазылған Қазақстан тарихына қатысы бар кітаптар 250ге жуық. Бұл кітаптар біздің фондымызда арнайы хранилищеде сақталып жатыр. Біздің орталықтың мақсаты осы жан жақты қолжазбаларды жинақтап, аударып ғылыми айналымға енгізу. Осы ИРСИКА біздің негізгі үлкен партнеріміз.
Махмұд Ерол Кылыч, Ислам тарихы, мәдениеті мен өнерін зерттеу орталығының директоры:
Қазақстан біздің ұйымға мүше елдердің бірі. Сіздердегі сирек қолжазбалар орталығымен тығыз қарым-қатынастамыз. Бүгін таныстырылған каталогқа Қазақстандағы барлық қолжазбаларды енбеген. Сондықтан алдағы уақытта құнды көне еңбектердің барлығын біріктіретін үлкен каталогты бірлесе жасау мақсатымыз бар.