Қазақстанда «Халал» сертификатын беретін ұйымдар орталықтандырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Халал» сертификатын беретін ұйымдар орталықтандырылады

08.06.2022

Қазақстанда «Халал» сертификатын беретін ұйымдар орталықтандырылмақ. Яғни, аталмыш құжатты енді Алматыдан беру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры мәлімдеді.

Оның сөзінше, Оман сұлтанатының инвестициялық компаниясымен келіссөздер жасалған. Жаңа ұйым жыл соңына дейін жұмысын бастайды. «Халал» сертификаттау лабороториясын ашу да жоспарланып отыр.

Соңғы кезде Араб елдеріне азық-түлік экспорты артқандықтан, тауарлардың сапасына да сұраныс жоғары. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда «халал» сертификатын беретін 5 компания бар.

Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:

Бірінші тамақ мәселесі шешіледі. Сосын, өздеріңіз білетініңдей, халал белгісі тек тамақта емес, басқа да өнімдерге де қатысты. Сондықтан бәрін жіті тексеру керек. Экспортты дамытып, Араб елдерімен байланысты күшейтсек, бұған аса мән беру керек.


Хабарламаларға жазылу