Президент Трансұлттық компания басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Трансұлттық компания басшыларымен кездесті

08.06.2022

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысының қарсаңында мемлекет басшысы трансұлттық компания басшыларымен кездесті. Шеврон корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен, Теңіз кен орнын кеңейту жобасы бойынша жұмыстарды тезірек аяқтау мәселесі сөз болды. Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі де талқыланды. Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапман, мемлекет басшысына Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы туралы айтты. Ал Қазақстанның Канададағы құрметті консулдары Тимоти Гитцель және Дон Стрюмен, бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды.


Хабарламаларға жазылу