Бүгіннен бастап 3 облысты құру туралы Президенттің жарлығы күшіне енді. Елімізде 17 өңір мен республикалық маңыздағы 3 қала пайда болды.
Аймақтарға қатысты айтсақ, Абай облысы, орталығы Семей қаласы. Жетісу облысының орталығы Талдықорған және Ұлытау облысы, орталығы Жезқазған қаласы болды. Ал, Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы, Қонаев атауын алды.
Сондай-ақ, Президент мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беруі туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның 87-бабына сәйкес қаулы бекітіліп, жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі – делінген құжатта.