Факультет жабылды: Түркістан облысында 300-ден астам студенттің қайда барары белгісіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Факультет жабылды: Түркістан облысында 300-ден астам студенттің қайда барары белгісіз

08.06.2022

Түркістандағы «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің спорт және алғашқы әскери дайындық факультеті аяқасты жабылып жатыр. Екі жыл бұрын ғана ашылған жоғары оқу орнындағы үш жүзден астам студенттің енді қайда барары белгісіз.

Түркістандағы «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің шәкірттері мен ата-аналарынан кешеден бері маза кеткен. Себебі, Білім және ғылым министрлігі аталған оқу орнындағы спорт және алғашқы әскери дайындық факультетін лицензиясын қайтарып алыпты. Сөйтіп студенттерге жабылатыны хабарланған. Алайда, мұны ешкім ескертпеді деген 300 -ден астам студент енді қайда барарын білмей дал.

Севина Уахапова, студент:

Біз ректорға кірсек, ректор қазір бізге уже өкім келді. Спорт жабылады деп айтты. Бізден кейінгі келген ата-аналарға ешқандай шешім шыққан жоқ деді. Әркімге әртүрлі сөйлеп отыр да. Білгендеріңізді істеңіздер, біз уже барлығын істеп қойдық. Біз сендердің жақтарыңдамыз, бірақ лучше тарап кете салғандарың дұрыс болашақтарың үшін. По любому сендердің дипломдарың жарамсыз болады деді. Бұны кім айтты? Ректордың өзі айтты.

Баян Анарбаева, студенттің анасы:

Маған ойыншық емес баламның өмірі, менде жалғызбасты анамын. Мен бір өзім асырап жатырмын.. Мен бір айлықпен, сіздер сияқты қалтаға салып отырған жоқпын. Айтпайсыздар ма ең болмаса бірауыз. Шықсын мына жерге мен кірмеймін ішке.

Райхан Төлеуова, студенттің анасы:

Қызым қазіргі таңда үйде ауырып жатыр, басы ауырып кешеден бері. Тамақ ішпейді, стресс болып жатыр. Сонда біздің балдарымызлдың болашағы далада қала ма не? Бізге неге ескертпейді, ата-аналарға. Мен сонда азғантай ғана айлықпен күн көремін. Менің ұлымды платныйға ауыстыра оны оқытам ба жоқ олардың ас-ауқпатын тауып берем ба қалай болады сол жағы.

Шу шыққан оқу ордасының ректоры екі апта бұрын жұмыстан кетіпті. Оның орнына қалған міндетін атқарушы спорт факультетінің жабылуы бойынша ресми құжаттың әлі қолға түспегенін жеткізді. Бірақ министрліктің тапсырмасына сай жабылатынын растады. Бірақ, 326 студент далада қалмайды деп сендірді.

Қарлығаш Аралбекова, Ректордың міндетін атқарушы:

200 грантта оқып жатқан студенттер бүкіл Қазақстанда 50 вуз педагогикалық бағытпен жұмыс істеп жатыр. Соларға осы таңдауымен, стипендиясымен, грантпен ауысады. Оны біз жұмыс тобымен өздерінен сұрап, қай жерге барғыларыңыз келеді. Қай жерге оқығыларыңыз келеді деп өздерінің қалауымен, басқа университет бұларды қабылдамайды деген әңгіме жоқ. Олар міндетті түрде қабылдауы тиіс.

Алайда, ақылы түрде оқитын 126 студенттің қай оқу орнында білімін жалғастыратыны әзірге белгісіз. Себебі олар осы университетте жылына 400 мың теңге төлеп оқыса, басқа оқу орындарында мұндай баға жоқтың қасы. Бұл мәселелені де университет басшылығы шешуге тырысамыз деп жұртты жұбатты.

Осы мәселе бойынша біз Мәдениет және спорт министрлігіне сұрау салдық. Ведомствоға қарасты туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, бұл жалған ақпарат. Университет қалыпты жұмыс істеп тұр.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу