Арнайы комиссия: Шекара асқан миллиардтарды елге қайтарумен айналыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы комиссия: Шекара асқан миллиардтарды елге қайтарумен айналыспақ

08.06.2022

Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссияның құрамына кімдердің кіргені белгілі болды.

Бұл іспен Бас прокурор және оның орынбасары, Ұлттық банк төрағасы мен премьер-министрдің орынбасарлары, Самұрық-қазына басшысы мен Бәсекелестікті қорғау, Қаржы нарығын реттеу, Қаржы моиторингі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің төрағалары кіреді. Және ішкі істер мен әділет министрі де шекара асқан миллиардтарды елге қайтарумен айналыспақ.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу