Қайрат Сарыбай: Азия кеңесі толыққанды ұйымға айналуы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сарыбай: Азия кеңесі толыққанды ұйымға айналуы қажет

09.06.2022

Азия кеңесін толыққанды ұйымға айналдыру керек. Елордада Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлерімен өткен кездесуінде Қайрат Сарыбай осылай деді. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жеке ұйым болып құрылуы мемлекеттердің жаһанды мәселелерге белсенді атсалысуына септігін тигізеді. Жиында кеңестің 30 жылда қол жеткен жетістіктері туралы баяндалып, хатшылығының қызметі таныстырылды. Шара соңында кеңестің қызмет еткен жылдарын қорытындылауға арналған мерейтойлық пошталық маркасын айналымға шығару рәсімі өтті.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры:
Азияда мұндай қауіпсіздікке байланысты қауіпсіздік мәселелерін реттейтін қамтитын ұйым болған жоқ. Сондықтан шығыс, әсіресе оңтүстік жағында түсініксіз кейбір жағдайлар болуы әбден ықтимал болатын. Сондықтан бүкіл Азияда, Еуропадағы сияқты басқа құрлықтағы сияқты қауіпсіздік, әріптестік, ынтымақтастық мәселелерімен шұғылданатын бір ұйым керек болды.


Хабарламаларға жазылу