Алматы облысында қант 920 теңгеден сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қант 920 теңгеден сатылған

09.06.2022

Шектен шықты. Алматы облысында қант 920 теңгеден сатылды. Қымбатшылық әлеуметтік желіге жарияланып, Жамбыл ауылдық округі әкімдігі тексеріс жүргізген. Дерек дәлелденіп, бағаны көтерген жергілікті дүкені анықталды.

Бірақ сатушы 5 келі қораптағы шекерді «DairyFood TC» серіктестігінен 4 250 теңгеге алғанын айтқан. Сонда келісіне 850 теңгеден келіп тұр. Сондықтан баға да қымбат деп түсіндірді. Осы жайтқа байланысты Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хат жолданады.

Жалпы ауданда бағаға бақылау күнара жүргізіледі. Жергілікті халықтың қантты тұтыну көлемі 12 мың тонна. Ал ең арзан бағасы бүгінде келісіне 430 теңге.


Хабарламаларға жазылу