Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Парламент палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі, 8-шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Яғни, қазіргі 7-шақырылымның құрамы таратылмайды.
«Депутаттар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастырады», - деді вице-министр.