Қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен Түркиялық ағайындар да құттықтады. Олар Конституцияны кез-келген елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі дейді. Сондықтан Ата заңның айбын арта берсін, - деп түбі бір түркі бауырларымыз тілектерін жолдады.
«Ата заңның ел дамуындағы орны ерекше. Мені бауырларымыздың осындай дәрежеге жеткені қатты қуантты. Бұл жетістіктер тұғырлы конституцияның арқасында мүмкін болды», - деді Йені махалле ауданының әкімі Фетхи Яшар.
Бақытжан ОМАР