Жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарынан Сенатқа депутаттар сайланады. Бұл туралы Жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. «Жаңа аймақтардан сенаторларды сайламау - заңға қайшы әрі әделетсіз болады», - деді спикер.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жаңа облыстардан да сенаторлар келеді. Бірақ оны Сенат құрамының үлкеюі деп қабылдамаңыздар. Себебі Президент квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр.