Жапон ғалымдары робот-гуманоид үшін адам терісіне ұқсас биоматериал ойлап тапты. Зертханада арнайы өсірілген тері темір машиналарға тірі жасушаларға тән функцияларды бере алады. Жаңа материал қайта қалпына келу, сезімталдық, метаболизм тәрізді қабілттерге ие.
Ғалымдар роботты адамға ұқсас етуде біршама жетістікке жеткенін мәлімдеп отыр. Олар болашақта жасанды теріге жүйке, тамыр жүйесі сияқты қосымша функциялар қосудан үмітті. Сонда ғана биоматериалды трансплантация, косметика және дәрі-дәрмекті сынақтан өткізу, аяқ-қолды протездеу тәрізді процедураларға пайдалануға болады.