Қытайдың бірнеше аймағында үздіксіз жауған нөсер соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласты. Гуанси провинциясында табиғи апаттан 7 адам қаза тауып, біреуі із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Гуандун провинциясында 11 адамды батпақтан шығарылды. Олардың біреуі дәрігерлердің бақылауында.