Президент жарлығы: Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жарлығы: Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді

11.06.2022

Еліміздегі Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Оқу-ағарту министрлігін Асхат Аймағамбетов басқарады. Ал Ғылым және жоғары білім министрі болып Саясат Нұрбек тағайындалды. Бүгін Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған шешім. Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласына жауапты. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілген.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу