Украинада зымыран соққысынан 22 бейбіт тұрғын зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада зымыран соққысынан 22 бейбіт тұрғын зардап шекті

13.06.2022

Украинада қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, елдің батысындағы Чортков қаласында Ресейдің «Калибр» зымырандарының соққысынан 22 бейбіт тұрғын жараланды. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бірнеше үй мен газ құбырына зақым келген. Ресейдің Қорғаныс министрлігі де қалаға дәлдеп тиетін ракеталармен соққы бергенін растады.

Ал Британия барлаушыларының дерегінше, Ресей әскері Северодонецкіде біртіндеп алға жылжи түсті. Қаладағы үш көпірдің екеуі қираған. Президент Зеленскийдің сөзінше, мұнда кескілескен шайқас жүріп жатыр, жағдай күрделі. Украина мен Батыс елдерінің ресми тұлғалары жергілікті армияның кеңестік үлгідегі артиллериялық қаруға оқ-дәрінің таусылып жатқанын мойындады. Ал батыс берген әскери техника Ресейдің Украинаға шоғырландырған қаруынан әлдеқайда аз.


Хабарламаларға жазылу